Өскемен
-4°
небольшой снег ветер 0,6 м/с, Ю
458.69 501.3 6.52

Оқушыны зорлады деген күдікке ілінді - ШҚО

16.11.2022, 18:27 438 0 Ләззат Қанатқызы

Тарбағатай ауданына қарасты Тұғыл ауылында 30 жастағы ер адам 12 жастағы оқушы қызды зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы "НеМолчи" қорының басшысы Дина Смаиылова әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. 
Қор басшысына осы ауылдың тұрғындары жүгінген екен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
-    Мен Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылынан жазып отырмын. Қыздың әкесі маскүнем, ал анасы көз жұмған. Бірнеше күн бұрын 12 жастағы қызды әкесінің 30 жастағы бөтелкелес достарының бірі зорлап кеткен. Жас қыздың өмірін құртқанымен қоймай, қазір бостандықта тайраңдап жүр. Бұл жағдайдан бүкіл ауыл, мектеп пен әкімдіктің хабары бар. Бірақ ешқандай шара қолданып жатқан жоқ. Тек істі тезірек жабу үшін қызды Алматы қаласына жібермекші, - делінген ауыл тұрғындарының хабарламасында. 
Сонымен қатар, хабарламада күдікті азаматтың психоневрологиялық диспансердің есебінде тұрғандықтан іс қозғалмауы мүмкін екені де жазылған. 
Болған оқиғаны ШҚО полиция департаменті растады.
-    12 қараша күні сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта істің мән-жайын қамтамасыз етуге бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Қажетті сот сараптамалары тағайындалды. Тергеу аясында толыққанды ақпарат жария етуге жатпайды, - деді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив