Өскемен
-11°
переменная облачность ветер 2 м/с, СВ
462.36 493.48 5.99

Өскеменде автобус қағып кеткен әйел көз жұмды

25.11.2022, 12:28 315 0 Ләззат Қанатқызы

Бүгін таңертең сағат 9.00 шамасында Карбышев көшесінде жол-көлік оқиғасы болды.

Куәгерлердің айтуынша, жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Әйел адам алған жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмған көрінеді. Бірақ полиция қызметкерлері аталған ақпаратты растамады.

- Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Апаттың мән-жайы анықталуда, - деді ШҚО ПД баспасөз қызметі.


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив