KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Өскемен тұрғыны сақина үшін құтқарушыларды шақырды

24.03.2023, 20:01 1 122 Мадина Амангелдіқызы

Өскемен қаласының тұрғыны саусағындағы жүзікті шеше алмай, құтқарушыларды шақырды.

15 жастағы жасөспірім қыз саусағына сақинаны жай тағып көрмек болған. Алайда қайта шеше алмай қалыпты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Тар сақинадан саусағы ісіп кеткен қыз құтқарушылардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болды. Негізі жүзікті шешіп алуда әр құтқарушының өз әдісі бар екен.

Бір байқағанымыз, соңғы кездері жүзікке қатысты мұндай «төтенше» жағдай бірнеше рет қайталанды. Жалпы, құтқарушылардың күнделікті жұмысында құдыққа құлаған мал, ағашта отырған мысық, саусақтан шешілмей қалған сақина секілді оқиғалар жиі болып тұратын көрінеді.

ТЖ қызметі құтқарушылардың әрдайым көмекке келуге әзір екенін айтады. Бастысы, 112 нөмірі арқылы хабар берсеңіз болды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив