Өскемен
-25°
плотный туман Штиль
468.9 485.64 7.7

Тоқаевты қолдау жөніндегі қоғамдық штаб кездесу өткізді

26.10.2022, 18:14 383 0 Оразай Жеңісұлы

ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі облыстық қоғамдық штабтың мүшелері «Император» сауда кешенінде сайлаушылармен экспромт-кездесу өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілдері сауда кешеніндегі қызметкерлерге және келушілерге үгіт-насихат материалдарын таратып, сұрақтарға да жауап берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

"ШҚО саяси науқандарда әрдайым жоғары белсенділік танытады. Бұл жолы да сайлаудың өз деңгейінде өтуіне елеулі үлес қосатынымызға сенімдімін", – деді қоғамдық штабтың өкілі Сергей Коротин.

Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі облыстық қоғамдық штабтың тағы бір мүшесі Арайлым Есімбекова жастардың белсенділігіне тәнті екенін айтады.

"Бүгін біршама адаммен кездестік. Соның ішінде жастардың белсенділігі бірден байқалады. Сайлаушылардың басым бөлігі жастар екенін ескерсек, алдағы кезектен тыс президент сайлау өз деңгейінде өтеді. Біз бұған бүгін әбден көз жеткіздік", – дейді ол.

Естеріңізге салсақ, кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.

 

 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив