KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, З
439.4 473.54 4.76

Мейрам Қажыкен кеншілермен шахтаға түсті

31.10.2022, 10:49 317 Ләззат Қанатқызы

Ел Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен үгіт-насихат науқаны аясында Шығыс Жезқазған кенішіне барды.
Үміткерді «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Жезқазғанцветмет» өндірістік бірлестігінің жұмысшылары қарсы алды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Үміткер күндізгі ауысым жұмысшыларымен бірге шахтаға түсіп, су ағызу учаскесінде және тау-кен механизмдерін жөндеу пунктінде болып, шахтерлердің еңбек жағдайымен танысты. Еңбеккерлерді негізінен әлеуметтік қорғау және зейнеткерлік жасын төмендету мәселелері қызықтырды.
– Шахтер жұмысы қашанда ауыр болып қала беретінін білемін. Мемлекет әлеуметтік әріптестік тараптарының бірі бола отырып, барынша қолдау көрсетіп, оның ішінде жәрдемақы мөлшерін ұлғайтуы тиіс. Менің сайлауалды бағдарламамда ұлттық зейнетақы жүйесін жаңғырту жеке тармақ ретінде көрсетілген. Мен әйелдердің зейнетке шығу жасын олардың әл-ауқатын нашарлатпай төмендетуді, зиянды және қауіпті жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің ерте зейнетке шығу мәселесін шешуді ұсынамын, – дейді ол.

Ләззат Қанатқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив