Өскемен
-18°
небольшая облачность ветер 2 м/с, С
472.14 498.39 7.65

Қарақат Әбден мәдениетімізге мән береді

31.10.2022, 11:10 199 0 Мадина Амангелдіқызы

Ел Президенттігіне үміткер Қарақат Әбден астаналық сайлаушылармен кездесті. Сайлауалды жиынға тұрғындар мен ұлттық киім өндірушілері, қолөнер шеберлері жиналды.

Қарақат Әбден өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Үміткер ұлттық киім өндірушілерінің еңбегі еленбей жатқанын жеткізіп, ұлттық киім өндірісіне мемлекет кеңінен қолдау көрсету керектігін айтты.

– Ұлттық киім – эстетикалық сән ғана емес, халқымыздың тәлім-тәрбиесін, жастардың бойына патриоттық сезім сіңірудің ең тиімді құралы. Дәстүр де, өнер де, халқымыздың философиясы да – осы ұлттық киімімізде жатыр. Бұрын тек Наурыз мерекесінде есімізге түсетін ұлттық киім қазіргі кезде сұранысы бар қажет өнімге, трендке айналды. Осы орайда ұлттық киім өндірушілерінің еңбегі зор.

Біз ұлттық киім өндірушілеріне барынша қолдау көрсетуіміз керек. Менің сайлауалды бағдарламам ұлттық мәдениетімізді негізге ала отырып жасалғандықтан, бұған баса мән беремін, – деді Қарақат Әбден.

Үміткер ұлттық киімдер шеруін өткізуді ұсынды. Бұл өзекті ұсыныс көпшіліктің қолдауына ие болды.

 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив