KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Салтанат Тұрсынбекова әлеуметтік мәселелерді назарға алады

31.10.2022, 11:30 388 Мадина Амангелдіқызы

Ел Президенттігіне үміткер Салтанат Тұрсынбекова сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары бойынша өңірлерге сапарын бастады.

Кандидат Қарағанды қаласында құқық қорғаушылармен, заңгерлермен, құқық қорғау және сот жүйесін реформалауға, мүгедектердің, сотталғандардың мүдделерін қорғауға атсалысып жүрген үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Жиынға түрлі әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтар да қатысты.

– Елімізде құқық қорғаушылардың істеп жүргені – ерлік, мүмкіндігі шектеулі жандарға, ерекше күтімді қажет ететін балаларға, қарттарға қамқорлық жасау – үлкен шыдам мен жігерді қажет ететін жұмыс. Сондықтан сайлауалды бағдарламамда азаматтық қоғамды, азаматтық сектор институттарын дамытуға көп көңіл бөлінген, – деді Салтанат Тұрсынбекова.

Ол құқық қорғау қызметімен бес жылдан бері айналысып келе жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ сайлауалды бағдарламасына 1-2 топтағы мүгедектер мен мүгедек балаларды бағып отырған азаматтардың зейнеткерлік жасын 58-ге дейін қысқартуды, ең төменгі жалақы мен күнкөріс деңгейін арттыруды енгізгенін айтты.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив