Өскемен
-24°
туман ветер 1 м/с, СЗ
472.17 495.5 7.57

Жигули Дайрабаев агробанк құруды ұсынды

31.10.2022, 11:00 141 0 Оразай Жеңісұлы

Ел Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев сайлауалды үгіт аясында Түркістан облысының ауыл шаруашылығы өндірушілерімен кездесті.
Кездесуге ірі шаруа қожалықтарының басшылары, фермерлер, мақта өсірушілер мен диқандар қатысты. Кандидат кездесуде ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін қаржыландырудың, жер және техникалық ресурстардың қолжетімділігі мәселелерін қозғады.
– Шағын шаруалар кооперациясы мәселелерінің шешілу деңгейі төмен, жер үлескерлері мен шартты жер үлестеріне иелік етушілер арасында дау мезгіл-мезгіл туындап тұрады. Мен сайлауалды бағдарламамда осы мәселелерді шешудің жеке бағытын белгіледім. Агробизнес құрғысы және аграрлық саланы нығайтқысы келетіндер үшін пайызсыз несие беретін агробанк құруды ұсынамын, – деді Жигули Дайрабаев.
Кездесуде фермерлер су тапшылығы жайлы мәселе көтерді.
– Су ресурстарының тапшылығы ауыл шаруашылығына да теріс әсер етеді. Сондықтан су ресурстарының әлеуетін қалпына келтіру, оның ішінде су үнемдеу технологияларын дамытуды күшейту қажет, – деді Жигули Дайрабаев.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив