Өскемен
-17°
туман ветер 3 м/с, СЗ
468.98 493.74 7.59

Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаевтың сайлауалды штабы жұмысқа кірісті

26.10.2022, 12:24 88 0 Мадина Амангелдіқызы

ҚР Президенті сайлауына кандидат Нұрлан Әуесбаевқа қолдау көрсететін штаб ашылды.

Штаб ҚР Сайлау туралы заңы мен орталық сайлау комиссиясының күнтізбелік жоспарына сәйкес үгіт-насихат жұмысын бастады, деп хабарлайды Altaynews ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Кандидат Нұрлан Әуесбаевты қолдау жөніндегі республикалық сайлауалды штабы Астанада орналасқан. Штабта баспасөз қызметі, жоба үйлестірушілері, SMM және басқа да мамандар жұмыс істейді. Сонымен қатар орталық штабтың барлық аймақта филиалдары ашылды. Онда өңірлік штаб басшылары мен олардың көмекшілері жұмыс істейді. Біз үгіт-насихат жұмысына дайынбыз», - деді штаб басшысы Асхат Рахымжанов.

Сондай-ақ, партияның баспасөз қызметінің жетекшісі Мақсұт Насибұловтың айтуынша, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары заң талаптарын сақтай отырып, әлеуметтік желілер арқылы жүргізіледі. Сондай-ақ үгіт-насихат материалдары әзірленді.

Айта кетсек, жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан Нұрлан Әуесбаев орталық сайлау комиссиясына құжаттарын өткізген еді.

 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив