KZ
Өскемен
+5°
небольшая облачность жел 5 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Кандидат Жигули Дайрабаевтың республикалық штабы жұмысын бастады

Фото: Ауыл партиясы

26.10.2022, 17:45 268 Мадина Амангелдіқызы

ҚР Президенттігіне «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан кандидат Жигули Дайрабаевтың республикалық штабының ресми ашылуы өтті, деп хабарлайды Altaynews El.kz сайтына сілтеме жасап.

"Үгіт-насихат жұмыстарымен 88 қаланы, 30 кентті, 20 өңірде орналасқан 6000-нан астам ауылдық елді мекенді қамтуды жоспарлап отырмыз. Біздің кандидат пен сенімді тұлғалардың сапары «Есіктен есікке» форматында өтеді", – деді штаб басшысы Төлеутай Рахымбеков.

Кандидатты қолдау жөніндегі штабтар республикалық маңызы бар үш қала және барлық өңірде бар. Сондай-ақ 164 ауданда және  облыстық деңгейдегі 37 қалада  222 штаб ұйымдастырылды.

Жигули Дайрабаев партия мүшелеріне сенім білдіргені үшін алғыс айтып,  қатысушыларды сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

"Менің бағдарламам біздің басты ұлттық артықшылықтарымыз – дала демократиясы қағидаттарын, жоғары рухани-адами мәдениетті,  күшті аграрлық саланы және мықты өңірлерді барынша іске асыруға негізделген жаңа Қазақстанды құруға бағытталған", – деді  ол.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив