KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 5 м/с, СБ
445.66 474.58 4.78

Нұрлан Әуесбаев: Басты мәселе – жемқорлықпен күрес

1.11.2022, 17:20 417 Ләззат Қанатқызы

Президенттікке Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан үміткер Нұрлан Әуесбаев Ақтөбе қаласында және Ақмола облысының Ақмол ауылында болды.

Тұрғындармен жүздеуде үміткер өз бағдарламасындақазақстандықтардың өмір сапасы стандартын енгізуді көздейтінін атап өтіп, түрлі деңгейдегі әлеуметтік қолдаудың желісін құруға ниетті екенін білдірді, деп хабарлайды Altaynews.kz сайтының тілшісі.

Ақтөбенің Жаңақоныс-4 және Батыс-2 тұрғын аудандарында инфрақұрылым мәселесі бар. Мәселен, Жаңақоныс-4 тұрғын үй алабының жұртшылығы газдың берілуін күтіп жүр.

Нұрлан Әуесбаев Ақмол ауылының тұрғындарын сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Мемлекет алдында тұрған басты мәселе жемқорлықпен күрес екенін атап өтті. Ол үшін алдымен саяси реформаларды іске асырып, Мәжіліс рөлін күшейту керек. Үміткер сайлауалды бағдарламасында әлеуметтік саясатқа ерекше көңіл бөлінгенін атады. Медицина және білім беру салаларына ЖІӨ-ден жылына ең кемі 5-7%-ды бөлуді ұсынды. Бұл аталған салалардың дамуына септігін тигізеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив