KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 10 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Мейрам Қажыкен еңбекақыны өсіруді ұсынды

1.11.2022, 17:27 337 Ләззат Қанатқызы

Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкеннің ел өңірлеріндегі сайлауалды үгіт-насихат бағдарламасы Қостанай облысында жалғасты.
Қостанай вокзалында кандидатты өңірлік сайлауалды штабтың өкілдері ұрандатып, жылы қарсы алды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Үміткер Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай университетінде студенттермен және оқытушылармен кездесіп, жас мамандарды жұмысқа орналастыру, жалақы және оны индекстеу мәселелерін көтерді.
– Әрине, біз жастардың жұмысы мен жақсы жалақысы болғанын қалаймыз. Алайда мұндай мәселе тез шешіле қоймайды. Себебі ол – жылдар бойы қордаланған, өзекті мәселенің бірі. Бәрі ең төменгі жалақы мөлшерінен басталады, бұл – аталған проблеманың негізі. Биыл бұл көрсеткіш – 60 мың теңге. 2023 жылдан бастап 70 мың теңге болады. Біздің ойымызша, ол 150 мың теңгеден астам болуы керек. Дамыған елдерде жалақының ең төменгі мөлшері – 717 мың теңге, яғни айырмашылық 10 есе, – дейді кандидат.
Кездесуден соң үміткер Ахмет Байтұрсыновтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив