Өскемен
-15°
туман ветер 2 м/с, В
468.98 493.74 7.59

Қарақат Әбден білім саласын жетілдіруге көңіл бөлмек

1.11.2022, 18:00 138 0 Мадина Амангелдіқызы

Президенттікке кандидат Қарақат Әбден Павлодар облысына ат басын бұрып, өңір тұрғындарына өз бағдарламасын таныстырды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Үміткер Екібастұз қалалық ауруханасының перзентхана қызметкерлерімен кездесті. Сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, ақ халаттылардың ұсыныс-пікірін тыңдады.

– Сайлауалды бағдарламамда денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөлінген. Әсіресе ана мен сәби өлімінің алдын алу, сирек ауруы бар балаларға көмек көрсету – басты назарда, – деді үміткер.

Сайлаушылар Қарақат Әбденнің бағдарламасы ана мен бала денсаулығын жақсартуға, дәрігерлердің әлеуметтік қорғалуын арттыруға үлес қосатынына сенім білдірді. Үміткер перзентхананы аралап, аналар мен сәбилердің жағдайын білді.

Павлодар қаласы дарынды балаларға арналған музыкалық колледжінде кандидат ұстаздармен жүздесті.

Сайлауалды бағдарламада білім беру саласын жетілдіруге көңіл бөлінген. Әсіресе жоғары білімнің тегін болуы, білім алушылардың жатақханамен, инновациялық құрал-жабдықтармен қамтылуы өзекті. Жиында орта техникалық білім беретін мұғалімдерінің мәртебесін арттыру мәселесі талқыланды.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив