KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Салтанат Тұрсынбекова әйелдердің зейнет жасын азайтуды ұсынды

1.11.2022, 18:37 357 Мадина Амангелдіқызы

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова Ақмола облысында дәрігелермен және Астанада көпбалалы аналармен кездесті.

Үміткер Көкшетауда облыстық аурухана дәрігерлерімен кездесу өткізді. Мамандар жұмыс орнындағы қателіктері үшін дәрігерлердің жауапкершілігі туралы мәселені көтерді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

"Кейде науқастың өмірін сақтап қалу үшін дәрігердің тәуекелге баруына тура келеді. Медициналық қателік салдарынан денсаулыққа қасақана зиян келтіру мәселесін декриминализациялау керек", – деген үміткер дәрігерлердің мәртебесі туралы заң қабылдау керектігін де баса айтты.

Астанада Салтанат Тұрсынбекова көпбалалы аналармен кездесті.

"Сайлауалды бағдарламам аясында елдегі жағдайды өзгерткім келеді. Қоғамымыздың ең осал топтарына көмектесетін реформаларды жүргізу жоспарымда бар", – деді ол.

Кандидат көпбалалы және жағдайы төмен отбасылардың қарыздарын есептен шығарып, әйелдердің зейнет жасын 58 жасқа дейін азайтуды, ең төменгі жалақы мен ең төменгі күнкөріс деңгейін арттыруды ұсынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив