KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
447.4 477.55 4.76

Мейрам Қажыкен Семейде кәсіподақ жетекшілерімен кездесті

2.11.2022, 11:32 339 Ләззат Қанатқызы

Семейде Абай облысының кәсіподақ жетекшілері ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкенмен кездесті.

Үміткер өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, қойылған сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мейрам Қажыкен әр түрлі саладағы жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары және мүдделерін қорғау жөніндегі ұйымдарды қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау керектігін атап өтті.

- Кәсіподақтардың мәртебесін көтеріп қана қоймай, нығайту керек деп санаймын. Әлеуметтік әріптестер: мемлекеттік және жұмыс беруші ұйымдар арасындағы қатынастарда кәсіподақтардың тәуелсіздігіне қол жеткізу керек.  Кәсіподақтарды қоғамдық ұйым ретінде саяси және экономикалық шешімдер қабылдау жүйесіне тарту қажет, - деді ол.

Әңгімелесу барысында тараптар еңбек заңнамасында толыққанды еңбек демалысын алу, ем қабылдау парақтарындағы қаражаттарды төлеу шарттарын сақтау мәселелерін талқылады. Олар бұл бағытта заңды әзірлеп, қабылдау және әлеуметтік институтты дамыту қажет деген  қорытындыға келді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив