Өскемен
-18°
небольшая облачность ветер 2 м/с, СВ
472.14 498.39 7.65

Нұрлан Әуесбаев: Экономиканың дамуына сыбайлас жемқорлық кедергі

2.11.2022, 12:03 124 0 Ләззат Қанатқызы

ҚР президенттігіне үміткер Нұрлан Әуесбаев Шымкент қаласы Қазығұрт шағын ауданында сайлаушылармен кездесті.

Үміткер жиналған қауымға өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі

Нұрлан Әуесбаев Қазақстандағы басты мәселе адал бизнесті тұншықтыратын, экономиканың дамуына жол бермейтін, халықтың әл-ауқатына кері әсер ететін жаппай сыбайлас жемқорлық екенін атап көрсетті.

Оның пікірінше, тергеу жүргізіп, ұрланған және оффшорларға шығарылғанның бәрін елге қайтару қажет.

Сонымен қатар Нұрлан Әуесбаев тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде, 90-шы жылдары, көптеген ірі кәсіпорындардың күлкілі сомаға жекешелендірілгенін айтты. Сондықтан да ол өзінің сайлауалды бағдарламасында осындай компаниялардың акцияларын халыққа өткізу туралы мәселені қарастырады.

Үміткердің сайлауалды бағдарламасында саяси реформалар жүргізу қажеттілігі туралы да айтылады. Елге тек олигархтардың ғана емес, халықтың әртүрлі топтарының қызығушылықтарын қорғайтын күшті бір палаталы парламент қажет.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив