KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Жигули Дайрабаевты қолдау жөніндегі РҚШ-тың отырысы өтті

2.11.2022, 12:27 350 Оразай Жеңісұлы

ҚР Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штабтың отырысы өтті.

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясында өткен жиынға өңірлік штабтардың басшылары мен мүшелері, партия өкілдері қатысты.

Қазіргі уақытта еліміздің жиырма өңірінде «Ауыл» партиясының штабтары құрылған. Олар сексен сегіз қала және жүз алпыс алты ауылдық елді мекенде үгіт-насихат шараларын ұйымдастыруда. Жалпы үгіт-насихат жұмыстары мың бес жүзден астам іс-шараны қамтиды. Бұдан бөлек, қоғамдық штабтар сайлау күні үшін сенім білдірілген адамдар мен бақылаушыларды даярлау бойынша жұмыс жүргізуде.

«Бірінші кезекте маған сенім артып, жан-жақты қолдау көрсетіп отырған «Ауыл» партиясының мүшелеріне және жақтастарыма алғыс айтамын. Сіздердің көмектеріңіздің арқасында бүгінгі күнге дейін ауқымды жұмыс жасалып, нақты мақсатымыз айқындалды. Сондай-ақ алдымызда әлі де маңызды жұмыстар күтіп тұр. Мен бұл саяси додада барша сайлаушыларымыздың үмітін ақтауға тырысамын», - деді Жигули Дайрабаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив