KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 11 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Қарақат Әбден: Тәулік бойы жұмыс істейтін балабақшалар ашу керек

2.11.2022, 16:04 444 Мадина Амангелдіқызы

Президенттікке үміткер Қарақат Әбден Есік қаласының сайлаушылармен кездесу өткізді.

Жиынғажергілікті тұрғындар мен мектеп дейінгі білім беру мекемелерінің мамандары қатысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Кездесу барысында үміткердің сайлауалды бағдарламасын таныстырылып, әлеуметтік сала, білім беру мен бала тәрбиесі жайлы өзекті сұрақтар көтерілді.


- "Балалар қауіпсіздігі басты назарда болуы керек. Балалардың жағдайын жасау үшін күндіз-түні жұмыс істейтін ата-аналар бар. Бірақ      олар көп жағдайда балаларын қалдырып кететін жер таба алмай қиналады. Сондықтан тәулік бойы жұмыс істейтін балабақшалар ашу керек деп ойлаймын. Сайлаушылар тарапынан бұл мәселе қолдау тапты. Тәулік бойы жұмыс істейтін балабақшаларды мемлекеттік балабақшалардың негізінде ашып, жұмыс уақытын ұзарту арқылы іске қосуға болады. Бұл шешімнің бірден-бір артықшылығы – мәселе шешімі үлкен қаражат жұмсауды қажет етпейді", - деді үміткер.


Айтуынша, аталған сұрақ оның сайлауалды бағдарламасында да көрініс тапқан.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив