Өскемен
-24°
плотный туман ветер 2 м/с, С
468.9 485.64 7.7

Салтанат Тұрсынбекова Кентаудағы зауыт жұмысшыларымен әңгімелесті

2.11.2022, 16:17 142 0 Мадина Амангелдіқызы

Президенттікке үміткер Салтанат Тұрсынбекова Түркістан облысында болды. 

 Кандидат 1100-ге жуық адам еңбек ететін Кентау трансформатор зауытына барып қайтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

"Зауыт – бұл ең алдымен жұмыс орны.  Сіз белгілі бір түпкілікті өнімді жасай отырып, маңызды жұмыс атқарып отырсыздар.  Сіздердің еңбектеріңіз елдің жалпы ішкі өнімінде тікелей көрініс тауып отыр, әрқайсыңыздың еңбектеріңіз заң деңгейінде ешбір депутаттан немесе шенеуніктен кем емес қорғалуы тиіс", - деді үміткер.

Зауыттағы барлық жұмысшылардың 30 пайызын әйелдер құрайды екен. Олареңбекақы, зейнетақы қоры мен зейнет жасына қатысты мәселелерді көтерді.

Салтанат Тұрсынбекова еңбек етіп жүрген азаматтардың өмірін жақсы жаққа өзгерткісі келетінін баса айтты. Үміткердің бағдарламасында ең төменгі жалақы мен ең төменгі күнкөріс деңгейін арттыру, көп балалы және қиын өмірлік жағдайдағы отбасылардың қарыздарын есептен шығару, жалғызбастылардың мәртебесін заңнамалық тұрғыдан бекіту мәселелерді қарастырылған.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив