KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Мейрам Қажыкен өскемендік дәрігерлермен кездесті

3.11.2022, 15:05 471 Ләззат Қанатқызы

ҚР президенттігіне үміткер Мейрам Қажыкен Өскемен қаласына келді.

Үміткер Шығыс Қазақстан ауруханасы диагностикалық орталығының қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мейрам Қажыкен жиналғандарға алдымен өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, артынша ақ халаттыларды толғандырған сұрақтарға жауап берді.

Өскемен қаласында орналасқан облыстық аурухана 1889 жылы ашылған. Қазіргі күні ол жерде 1000-ға жуық қызметкер жұмыс істейді. Облыстық аурухананың құрамына 6 зертхана, 12 клиникалық және 7 параклиникалық бөлімше, оның ішінде өңірдегі жалғыз кеуде және тамыр хирургиясы, проктология, көз микрохирургиясы, ортопедия бөлімшелері кіреді.

Мейрам Қажыкен Өскемен қаласына дейін үгіт-насихат науқаны аясында Семей медициналық университетіне барып қайтқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада Президент сайлауы өтеді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив