KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, С
441.66 475.14 4.86

Тоқаевтың сенімді өкілі Глубокое кентінде кездесу өткізді

3.11.2022, 14:15 431 Оразай Жеңісұлы

ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілі Алтай Қалиғожин Глубокое кентінде медициналық-әлеуметтік мекеме қызметкерлерімен кездесті.

– Халықтық коалиция кандидаты денсаулық сақтау саласы мен әлеуметтік салаға ерекше назар аударып отыр. Өз сөзінде әрбір қалада, аудан орталығында, ірі ауылдарда сапалы дәрігерлік көмек көрсетілетінін айтты. Бұл – Әділетті Қазақстанды құру үшін аса маңызды басымдықтың бірі. Сондай-ақ әлеуметтік салаға бөлінетін қаражат адам капиталына салынатын тікелей инвестиция деген түсінікті қоғамға сыналап енгізу – сайлауалды бағдарламаның басты бағытының бірі. Мемлекеттің азаматтарға жұмсайтын барлық күш-жігері және қаржысы тұрақты әлеуметтік дамуға негіз болады, – деді Алтай Советханұлы.

Сенімді өкіл Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында көрсетілген өзге де маңызды бағыттарға тоқталды. Ал кездесу соңында сөз кезегін алған сайлаушылар бірқатар ұсыныс-тілектерін ортаға салды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив