KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
448.89 477.93 4.76

Нұрлан Әуесбаев Шымкенттегі ЖСДП активімен кездесті

3.11.2022, 15:29 569 Ләззат Қанатқызы

ҚР Президенттігіне үміткер Нұрлан Әуесбаев Шымкенттегі Жалпыхалықтық социал-демократиялық партияның активімен кездесті.

Бұл туралы кандидат әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Нұрлан Әуесбаев жиналғандарды алдымен өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, артынша сұрақтарға жауап берді.

- Кездесу өте қызықты әрі тартысты өтті. Азаматтарымыздың әділдікті аңсайтынына тағы бір мәрте көзім жетті. Бұл жердегі басты әңгіме тек әділ сот төрелігінде ғана емес. Біз экономикада да, әлеуметтік саясатта да, әлеуметтік лифтілерге қолжетімділікте де әділдікке мұқтажбыз, - деп жазды ол әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Бұған дейін үміткер үгіт-насихат науқаны аясында Шымкент қаласының тұрғындарымен кездескенін хабарлаған болатынбыз.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада президент сайлауы өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив