Өскемен
-18°
туман ветер 2 м/с, СЗ
468.98 493.74 7.59

Сайлаушылардан 589 ұсыныс түсті – ШҚО

4.11.2022, 10:13 210 0 Оразай Жеңісұлы

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Шығыс Қазақстан облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесінде сенімді өкіл Александр Светаш азаматтарды қабылдады.

Қабылдауда азаматтар кандидаттың сенімді өкіліне өз ұсыныстары мен тілектерін айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Халықтық коалиция кандидаты осы уақытқа дейін халық мүддесіне негізделген көптеген шешімдер қабылдады. Азаматтардың әл-ауқатының артуы, ұлттық байлығымыздың елдің мүддесіне жұмсалуы – Қасым-Жомарт Кемелұлының басты назарында. Ол сайлауалды бағдарламасындағы әр мәселенің жедел жолға қойылуына да мән беріп отыр, – деді азаматтырдың ұсынысын мұқият тыңдаған сенімді өкіл.

 Осы орайда айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысында Халықтық коалиция кандидаты Қасым-Жомарт Тоқаевтың 12 қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылған. 26 қарашадан бері дейін сексен төрт қабылдау болды. Екі жүз он екі  сайлаушыдан бес жүз сексен тоғыз ұсыныс түсті.

Қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-18.00 аралығында 18 қарашаға дейін жүргізілетінін естеріңізге саламыз.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив