Өскемен
-21°
плотный туман Штиль
468.9 485.64 7.7

Оппозициялық кандидат Нұрлан Әуесбаев ОСК-дан пікірсайыс өткізуді талап етті

4.11.2022, 12:00 171 0 Оразай Жеңісұлы

Бұл туралы «Жалпыұлттық социал-демократиялық» партиясы атынан президенттікке үміткер Нұрлан Әуесбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.

Президенттікке үміткер Нұрлан Әуесбаев әлеуметтік желідегі парақшасында бейнеүндеу жариялады. Онда ол өңірдегі сайлаушылармен кездесіп жүргенін, сондай-ақ, дебатқа түсуге қарсы емес екенін жеткізеді.

– Қазіргі уақытта өңірлерді аралап, жергілікті халықпен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылап жүрмін. «Ауыл» партиясынан президенттікке үміткер Жигули Дайрабаев менің сөздеріме ренжіп, мені ашық дебатқа шақырыпты. Жигули Дайрабаевқа айтарым, менің айтқан сөздерім шындық. Ал, шындыққа ренжуге болмайды, - дейді ол.

Сондай-ақ, кандидат өзінің ешкіммен пікірталасқа түскісі келмейтінін, бірақ дебатқа түсуден ешкімнен қорықпайтынын айтты.

– Сайлауға дейін тым аз уақыт қалды. Сондықтан Орталық сайлау комиссиясынан республикалық деңгейде ашық дебат өткізуді талап етемін. Сол дебатта Ерлан Қошановты және басқа да салмақты саясаткерлерді көргім келеді, - деді ол.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив