KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 3 м/с, З
446.49 475.38 4.79

Жигули Дайрабаев: Мемлекет мәртебесі мегаполистермен емес, ауыл ахуалымен өлшенеді

4.11.2022, 14:30 533 Оразай Жеңісұлы

Жигули Дайрабаев Алматы қаласының іргесі Нұра ауылындағы сайлаушылармен кездесті. Алматыдан Жетіген ауылына қатынайтын № 220 автобусқа отырып, халықпен бірге соңғы аялдамаға дейін барды. Жол бойы ауыл жайлы әңгіме өрбітті. Нұрада тұрғындармен кездесті.

Нұра ауылы Алматы қаласынан 42 шақырым жерде орналасқан елді мекен. Тұрғындардың басым бөлігі күн сайын Алматы қаласына қатынап жұмыс істеуге мәжбүр. Ал жастарға, Нұра қала іргесіндегі ауыл саналатындықтан, жатақханадан орын берілмейтін көрінеді.

«Алматы мен Нұра ауылы арасындағы автобус қатынасының мәселесіне «Ауыл» партиясы араласып, сотта ауыл тұрғындарының пайдасына шешім шығарылғанын білесіздер. Десек те, ол әлі де орындалған жоқ. Қала маңындағы ауыл осындай күйде болса, шалғай елдімекендердің жай-күйі жайлы не айтуға болады. Сондықтан да менің сайлауалды бағдарламам негізінен ауылдық жерлерді дамытуға арналған. Әлемдік қауымдастық мемлекет мәртебесін мегаполистермен емес, алыстағы ауылдың ахуалымен өлшейді», – деді Жигули Дайрабаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив