KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Мейрам Қажыкен "СтройДеталь" ЖШС қызметкерлерімен кездесті

7.11.2022, 14:42 378 Ләззат Қанатқызы

Ақтөбеде ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен "СтройДеталь" ЖШС қызметкерлерімен кездесті.

Кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстыру барысында, әлеуметтік әріптестік институтын дамытудың, тәуелсіз кәсіподақтар мәртебесін көтерудің, экономика мен еңбекақы төлеу жүйесін реформалаудың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Айта кетейік, қазірде кәсіпорында 500-ден астам адам жұмыс істейді, олардың 90% - кәсіподақта. Осыған байланысты кандидат еңбекшілердің мүдделерін қорғайтын ұйымдардың мәртебесін көтеруге және жалақыны есептеуге баса назар аударды.

- «Біз бәріміз жоғары табыс алғымыз келеді. Бұл біз үшін кіріс болса, жұмыс беруші үшін шығындар. Сондықтан жалақы қандай болуы керек, оны қалай көбейтуге болатынын талқылау керек. Бұл мәселені салалық деңгейде шешу қажет. Ол үшін қызметкерлер өз құқықтарын қорғау мақсатында кәсіпкерлер және  жұмыс берушілермен бірлесіп еңбекақы төлеу жүйесін әзірлейтін салалық кәсіподақтарға сеніп тапсыруы тиіс», - деп атап өтті үміткер.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив