KZ
Өскемен
+3°
переменная облачность жел 4 м/с, С
443.85 474.3 4.8

ЖСДП белсенділері Нұрлан Әуесбаевты қолдап акция өткізді

7.11.2022, 15:09 663 Ләззат Қанатқызы

4 қарашада Алматыдағы ЖСДП белсенділері ҚР Президенттігіне үміткер Нұрлан Әуесбаевты қолдау мақсатында «Салауатты өмір салтын ұстану және табиғатты сақтау үшін!» акциясын өткізді.

ЖСДП мүшелері табиғат аясында жаттығу жасап, «Медеу» мұз айдыны алдындағы 842 сатыдан тұратын «денсаулық баспалдағымен» бөгетке көтерілді.

Акцияға партия мүшелері, ЖСДП жастар қанатының белсенділері мен қала тұрғындары қатысқан.

Сондай-ақ марафон барысында партияның Алматы қалалық филиалының басшысы Нұрлан Әуесбаевтың сайлауалды бағдарламасының негізгі қаулылары жөнінде жиналған қауымға баяндап берді. Қазақстандықтардың өмір сүру сапасының стандарттары азаматтардың денсаулығының кепілі екенін атап өтті. Аталмыш стандарттарда адамның дұрыс тамақтану, ақпарат алу және демалысқа қатысты қажеттіліктері ескерілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік,сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылдың 21 қазанда басталып, 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада президент сайлауы өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив