KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 7 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Тоқаевтың бағдарламасы – 22 мың шақырым автожол жөнделеді және салынады

7.11.2022, 12:35 484 Оразай Жеңісұлы

ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының сайлаушылармен кездесуі Қызылорда облысында жалғасты.

Мәселен, кәсіпкерлермен және аграрлық сектордың өкілдерімен болған кездесуде РҚШ мүшелері өңірлердегі көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мәселелерін талқылады.

– Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасына сәйкес, алдағы 7 жылда республикалық маңызы бар 8 мың шақырым және облыстық, аудандық маңызы бар 14 мың шақырым автожолдың сапалы салынуы мен жөнделуін қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, барлық республикалық және негізгі облыстық автожолдар сапалы ұялы және интернет-байланыспен қамтылады», – деді Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов.

Бағдарламада әлеуметтік инфрақұрылымға ерекше көңіл бөлінді.

Жыл сайын шағын қала, аудан орталығы мен ауылдағы кемінде мыңнан астам мектеп заман талабына сай жаңартылады.

Ауылдық жерлерде жаңа жабдықпен жарақталған, білікті медицина қызметкерінен жасақталған жеті жүз жаңа медициналық нысан ашылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив