KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 11 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Кандидат Дайрабаевтың штабында ЕҚЫҰ бақылаушыларымен кездесу өтті

7.11.2022, 15:30 582 Оразай Жеңісұлы

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаевтың Республикалық қоғамдық штабында ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сайлауды бақылау жөніндегі миссия өкілдері Джованни Дибиаспен (Италия) және Виктория Норекайтемен (Литва) кездесу өтті.

Кездесу басында шетелдік қонақтар өз миссияларының мақсаттары мен міндеттері туралы айтты.

Республикалық штаб басшысы Төлеутай Рахымбеков «Ауыл» Республикалық қоғамдық штабының міндеттері мен мақсаты, үгіт-насихат науқанының барысы және алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы айтты.

Осы орайда айта кетейік, бүгінге дейін Жигули Дайрабаев еліміздің 10 өңірінде жұртшылықпен кездесті.

«Ауыл» РҚШ сайлауалды штабы еліміздің барлық өңірін, оның ішінде ауылдық елді мекендерді қамти отырып барлығы 2,5 мыңға жуық үгіт-насихат іс-шарасын өткізуді жоспарлаған.

Кездесу соңында Дж.Дибиас пен В. Норекайте Астана қаласында және Ақмола облысында ҚР Президенттігіне кандидат пен сенімді тұлғалардың қатысуымен өтетін 2-3 үгіт-насихат іс-шараларының өткізілуін байқауға ниет білдірді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив