KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, С
449.58 486.94 4.86

Суицидпен күрес жөнінде ұлттық стратегиялық жоспар әзірлеуді ұсынды – Қарақат Әбден

7.11.2022, 16:30 470 Оразай Жеңісұлы

Бұл туралы Жезқазған қаласында өткен арнайы дөңгелек үстел барысында белгілі болды.

ҚР Президенттігіне үміткер Қарақат Әбденнің бұл ұсынысын жиынға қатысқан сайлаушылар, психолог мамандар мен ювеналды полиция органдарының ардагерлері, аналар кеңесі мен ардагерлер кеңесінің мүшелері қолдады. Дөңгелек үстел де барысында өзекті тақырып бойынша статистикалық мәліметтер келтірілді.

«Бұл нағыз дабыл қағатын мәселе. Мұндай қайғылы көрсеткіштер бізден жүйелі жұмыс жүргізуді талап етеді. Сондықтан бүгінгі жиында «Суицидпен күрес жөнінде ұлттық стратегиялық жоспар» әзірлеуді ұсындым. Ол үшін арнайы ведомствоаралық комиссия құрылып, заңнамалық талаптарға сәйкес Парламенттік тыңдалымда аталған сұрақ тыңдалуы тиіс», - деп жеткізді Қ. Әбден.

Үміткердің айтуынша, балалар мен жастардың өз-өзіне қол жұмсауына әлеуметтік сұрақтар мен ұлттық, отбасылық құндылықтардың әлсіреуі себеп. 

Еске салсақ, кезектен тыс президент сайлауы 20 қараша күні өтеді. Үміткер Қ.Әбден осыған дейін 20-дан астам кездесу өткізді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив