KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 7 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабы СҚО тұрғындарымен кездесті

9.11.2022, 14:30 377 Ләззат Қанатқызы

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері СҚО тұрғындарымен кездесу өткізді.

Штаб мүшелері «Петерфельд Агро» өндіріс базасында солтүстікқазақстандық шаруалармен және ауылшаруашылық тауарларын өндірушілермен кездесті. Іс-шара барысында кандидаттың сайлау алдындағы бағдарламасында көрсетілген алдағы жеті жылда ауыл шаруашылығын дамытуға арналған шаралар талқыланды.

- Соңғы үш жарым жылда Қазақстан ауыр сын-қатерлермен бетпе-бет келді. Пандемия, қасіретті қаңтар оқиғасы, бүгінгі геосаяси ахуал еліміздің дамуына өз салдарын тигізді. Соған қарамастан біз Тәуелсіздігімізді сақтап, мемлекеттілігімізді нығайтып, бірлігімізді арттыра түстік. Қазіргі таңда еліміз жаңа Әділетті Қазақстан құру жолындағы тарихи кезеңге қадам басып отыр, – деп атап өтті Республикалық қоғамдық штаб делегациясының басшысы Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ РҚШ мүшелері Бескөл ауылында жұртшылықпен кездесіп, өңірлердің инфрақұрылымын дамыту жөніндегі сайлау алдындағы бастамаларды талқылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив