KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
446.49 475.38 4.79

Нұрлан Әуесбаев елордалық жатақханада тұрғындармен кездесті

11.11.2022, 15:26 404 Ләззат Қанатқызы

10 қараша күні ҚР президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан кандидат Нұрлан Әуесбаев Казахская және Дүкенұлы көшелері қиылысында орналасқан елордалық жатақханада тұрғындармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында кандидат жиналған қауымға өзінің сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары жөнінде баяндап, қоғамды алаңдатқан сұрақтарға жауап берді.

Қазақстанның сыртқы саясатына қатысты сауал да қойылды. Үміткер Нұрлан Әуесбаевтың пікірінше, үкімет басқа мемлекеттер біздің есебімізден байып, адал емес бәсекелестікте зиян келтіруге тырысқан жағдайда қатаң ойын ережелерін орнатуға тиіс. Кандидат стратегиялық салаларда Қазақстан қалыпты протекционизмді ұстану қажет деп есептейді.

Жалпы үміткердің сайлауалды бағдарламасын насихаттау мақсатында республика бойынша 21 штаб жұмыс істеп тұр.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылдың 21 қазанда басталып, 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада президент сайлауы өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив