KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Тоқаевтың қоғамдық штабына халықаралық байқаушылар келді

11.11.2022, 14:13 375 Ләззат Қанатқызы

ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабына ТМД Байқаушылар миссиясы штабы басшысының орынбасары Олег Кулеба бастаған халықаралық байқаушылар келді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Байқаушыларды штабтың жұмысымен «AMANAT» партиясының Хатшысы Дәулет Кәрібек пен ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев таныстырды.

Өз кезегінде халықаралық байқаушы Олег Кулеба сайлау процестеріне 2004 жылдан бері қатысып келе жатқанын, бірақ мұндай технологиялық жағынан дамыған штабты алғаш рет көріп отырғанын атап өтті.

Сайлауалды штаб Қазақстанда теңдесі жоқ Open - Space форматында жұмыс істейтін Халықтық коалиция мен өңірлерді үйлестіру орталығы болып табылады. Штаб барлық қажетті заттармен толық жабдықталған.

Бұл үгіт-насихат кезеңінде Республикалық қоғамдық штабтың қызметін басқаратын заманауи көпфункционалды орталық. Штабта «AMANAT», ҚХП, «Ақ жол» партияларының, түрлі қоғамдық бірлестіктердің, «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері жұмыс істейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив