KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 3 м/с, ОБ
439.4 473.54 4.76

Мейрам Қажыкенді қолдау бойынша 14 штаб жұмыс істеп тұр

11.11.2022, 16:01 409 Ләззат Қанатқызы

«Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» республикалық бірлестігі атынан Президенттікке үміткер Мейрам Қажыкеннің кандидатурасын қолдау бойынша еліміздің 14 өңірінде штаб жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы Мейрам Қажыкеннің сайлауалды штабының жетекшісі Әбіл Кекілбаев айтты.

- Кандидат үгіт-насихат науқаны кезінде ел өңірлерін аралап, халықпен кездесулер ұйымдастырылып келеді. Қазір үміткер БҚО жұртшылығымен кездесу өткізіп жүр, одан әрі еліміздің оңтүстік аймағын аралайды. Байқауымыз бойынша әсіресе еңбек адамдарымен кездесу барысында ұсыныстар мен өтініштер түсіп жатыр, - дейді штаб жетекшісі.

Қазір үміткердің кандидатурасын қолдау бойынша 14 өңірде штаб жұмыс істеп тұрған көрінеді. Қалған аймақтарда жұмысты сенімді өкілдер атқарады.  Олардың саны 140-тан асады.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылдың 21 қазанда басталып, 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада президент сайлауы өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив