KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 1,7 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Қарақат Әбденнің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының нәтижелері талқыланды

13.11.2022, 16:00 380 Ләззат Қанатқызы

ҚР Президенттігіне кандидат Қарақат Әбденнің сайлауалды штабында ел өңірлеріндегі үгіт-насихат жұмыстарының нәтижелері  талқыланды.

Штабтың мәліметінше, үгіт-насихат жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.

- Сайлаушылар тарапынан көптеген сауалдар мен ұсыныстар келіп түсуде. Өңірлік штабтар олардың барлығын бақылауға алған. Жалпы, сайлау – бұл демократиялық қоғамның көрінісі және сайлауалды штабтарына үлкен жауапкершілік жүктелген. Сондықтан сайлау мен үгіт-насихат жүргізу бойынша біз озық халықаралық тәжірибені саралай келе, жұмыстың ауқымын кеңейтіп жатырмыз. Біз үшін кандидаттың мықты саяси тұстарын көрсете білу маңызды. Бұл өз алдына үйлесімді ұжымдық жұмысты талап етеді. Сондықтан сайлауалды штабтарымызда өз ісін жақсы білетін мамандар, патриотттар мен мүддесі ортақ тұлғалар еңбек етуде. Бізді біріктіретін ортақ мақсат – ел игілігі үшін жұмыс істеу, - деп жеткізді кандидаттың баспасөз хатшысы Еламан Төлепберген.

Еске салсақ, елімізде 20 қараша күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив