KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, Ю
448.89 477.93 4.76

Белсенділер Тоқаевтың бағдарламасын талқылады

14.11.2022, 10:41 441 Оразай Жеңісұлы

«BIR TOLQYNDA» диалог алаңында белсенділер Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын талқылады.

«Жастар Рухы» белсендісі Аида Қалуова Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім беру және жастар саясаты саласындағы бастамаларына баса назар аударды.

«Жастардың проблемаларын өздерінен артық ешкім білмейді, сондықтан олардың өзекті мәселелерін шешуде сіздердің пікірлеріңізді елемеуге болмайды. Сапалы білім – жастардың табысының, елімізді алға жылжытатын талантты мамандардың қалыптасуының кепілі. Қазақстандық жастардың өздерін ең белсенді сайлаушылар ретінде көрсететініне сенімдімін», - деді ол.

«Жастар Рухы» жастар қанатының елордадағы филиалының төрағасы Арсланбек Мағзұмның пікірінше, жастардың өзін-өзі тануы үшін экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасалуы тиіс.

«Жастардың алдағы президенттік сайлауға деген қызығушылығы олардың ел ісіне араласуға дайындығын, сайлау процестеріне деген өзіндік көзқарасы қалыптасқанын көрсетеді», – деді Арсланбек Мағзұм.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив