Өскемен
-4°
небольшой снег ветер 0,6 м/с, Ю
458.69 501.3 6.52

Салтанат Тұрсынбекова жалғызбасты аналармен кездесті

13.11.2022, 17:30 176 0 Ләззат Қанатқызы

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова Ақтауда жалғызбасты аналармен кездесу өткізді,.
- Бұл - ауқымды және өте қатерлі проблема. Жалғызбасты аналар алимент сұрамауы керек, бұрынғы күйеуі мен бірге тұратын адамдарының артынан жүгірмеуі керек. Балаларын өсіреді, оларға білім, лайықты тәрбие береді. Әйелдер барлық жауапкершілік жүгін өз мойындарына көтермеуі тиіс, – деді үміткер.
Құқық қорғаушы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасай отырып, бірнеше цифрларды атады.
- 2021 жылы ҚР ҚК 139-бабы бойынша алимент төлемегені үшін 300-ден астам борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды, олардың жартысы нақты мерзімдерін алды. Ал алты мыңнан астам борышкерге әкімшілік жауапкершілік жүктелді, - деді ол.
Кандидаттың айтуынша, алимент өндірудегі басты мәселелердің бірі – бүгінгі күні борышкердің кірісін анықтаудың тиімді әдістерінің жоқтығы. Егер борышкерде жұмыс болмаса және жұмыс іздеуге тырыспаса, онда алименттік қарыз орташа республикалық жалақыға сүйеніп айқындалады.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив