KZ
Өскемен
+7°
ясно жел 11 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Жигули Дайрабаев өндіріс ошақтарын аралады

14.11.2022, 16:11 359 Оразай Жеңісұлы

ҚР Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Маңғыстау облысына барып, Мұнайлы ауданында орналасқан «Сауқымбек» ұн тарту зауытының ұжымымен кездесті.

Бірнеше жыл бұрын іске қосылған өндіріс ошағы жоғары сұрыпты ұн өндіріп, 70-ке жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Алдағы уақытта дайын өнімді экспорттауға мүдделі.

«Қазақстандағы аграрлық сектордың негізгі бір саласы егін шаруашылығы екені белгілі. Еліміздің солтүстік, орталық өңірлеріндегі алқаптар тұтастай республиканы астықпен қамтамасыз етуге, тіпті, дәнді дақылдарды шет елдерге экспорттауға мүмкіндік беруде. Дегенмен ел ішінде туындаған осындай проблемалар кәсіпкерлердің жұмысына кері әсер етуде. Менің әрдайым айтатыным, адал еңбек етіп, халықты сапалы әрі қолжетімді азық-түлікпен қаматамасыз ететін азаматтарымызға қолдау көрсетуіміз қажет. Қазақстанда тауарлар қорын құру стратегиясында азық-түлік нарығын дамыту және қауіп­сіздігін сақтау бәрінен бұрын им­портқа тәуелді емес, отандық өндіріс есебінен жүзеге асуы керек», – дейді Жигули Дайрабаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив