KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 10 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Салтанат Тұрсынбекова ана мен бала өлімі тақырыбын көтерді

14.11.2022, 18:00 585 Мадина Амангелдіқызы

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова Қазақстандағы ана мен бала өлімі тақырыбына арналған жиын өткізді.

 

Жиын Атырау қаласында ұйымдастырылды. Кандидат ranking.kz деректеріне сілтеме жасай отырып, бірнеше цифрларды алға тартты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

 

Ұлттық жоспарға сәйкес, ана өлімі 2021 жылы 100 мың тірі туғанға шаққанда 35-тен төмен болып, 2025 жылға қарай 10-ға дейін төмендеуі керек. Ал, іс жүзінде 2021 жылы бұл көрсеткіш 44,7-ні құраған. Атырау облысында ана өлімінің нақты көрсеткіші күтілгеннен үш есеге жоғары болды.


«Ана мен бала өлімінің алдын алуға баса назар аударылуда. Ол үшін қоғамдық ұйымдармен, ғалымдармен, сарапшылармен жаңа шешімдерді талқылау маңызды. Шалғай елді мекендерде еңбек ететін әйелдер үшін қолайлы жағдай жасайтын тиімді инфрақұрылымды құру қажет. Медициналық кадрлардың тапшылығы мәселесін шешу, осы салалардағы мамандарды көптеп шығару – бүгінгі күннің талабы. Мұндай профильдегі дәрігерлерді жақсы ынталандырып отыру керек», - деп атап өтті үміткер.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив