KZ
Өскемен
+1°
небольшая облачность жел 3 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Шығыстың сарбаздары өз таңдауын жасады

20.11.2022, 08:30 667 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-да Ұлттық  ұлан сарбаздары алғашқылардың бірі болып дауыс берді.

Өскеменде  Ұлттық ұланның  "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің барлық жеке құрамы таңертең алғашқылардың бірі болып дауыс беруге қатысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өз таңдауын бірінші болып ҚР ҰҰ "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Рүстем Ақбалин және жедел мақсаттағы 2 ротаның мерзімді қызмет сарбазы қатардағы жауынгер Сұлтан Асаубаев жасады. Ол Орал қаласынан шақырылған.

Сарбаздар сайлауға алғаш ретқатысып отыр, өйткені олардың жасы  18-19-да.

Айта кетсек, "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы бойынша барлығы 6 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді, оған мерзімді қызметтің әскери қызметшілері ғана емес, офицерлер мен сержанттар да қатысады.

Осыдан екі күн бұрын Өскемен қаласының 5518 әскери бөліміне жаңадан жас сарбаздар келді. Оларға әскери бөлімнің аумағындағы сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысу құқығы беріледі.

  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив