KZ
Өскемен
+5°
небольшая облачность жел 2 м/с, З
448.15 483.46 4.86

Жас аналар таңдау жасады - ШҚО

20.11.2022, 09:21 355 Ләззат Қанатқызы

Бүгін елімізде кезектен тыс Президент сайлауы өтіп жатыр. Саяси науқанда еліміздің әр тұрғыны өз таңдауын жасай алады.

Жауапты міндеттен Ана мен бала орталығында жатқан жас аналар да қалыс қалмады. Олар №60 жабық сайлау учаскесінде дауыс беруде, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Мен жақында ғана ана атандым. Ана мен бала орталығында жатсамда еліміздің жарқын болашағы үшін өз таңдауымды жасадым. Себебі еліміздің әр тұрғынының дауысы маңызды екенін білемін, - дейді Қымбат Мақатаева.

Сайлау күні қарсаңында өңірде 16 сәби, яғни 9 ұл, 7 қыз бала дүние есігін ашқан.

- Бізде сайлау жабық түрде өтеді. Яғни орталықты жатқан болашақ аналар мен жас аналар дауыс беруде. Тізім бойынша 237 сайлау бюллетенін алдық. Сағат 09.00-ге дейін 170 әйел дауыс беріп үлгерді, - дейді комиссия мүшесі Әсия Жұрқабаева.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив