KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 2 м/с, З
448.15 483.46 4.86

Өскеменнің жас тұрғыны алғаш рет дауыс берді

20.11.2022, 09:22 293 Ләззат Қанатқызы

Бүгін сағат 7.00-де облыс орталығында сайлау учаскелері ашылды. Қала тұрғындары таңертең дауыс беруге белсенді қатысуда.

№79 сайлау учаскесінің төрағасы бүгінде жастардың саны әлдеқайда көп екенін атап өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Кейбір қала тұрғындары үшін бұл күн өте маңызды. Себебі олар саяси науқанда алғаш рет өз таңдауларын жасады.

- Бұл жолы мен өзімнің азаматтық ұстанымымды көрсете алдым. Бүгін мен үшін ерекше күн, себебі алғаш рет сайлауда өз дауысымды бердім. Менің дауысым маңызды екеніне сенімдімін, - деді Айсұлу Асылбекова.

Айта кетейік, Өскеменде 122 сайлау учаскесі 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив