KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Дауыс беру үшін нені білу қажет?

20.11.2022, 10:00 546 Мадина Амангелдіқызы

Бүгін Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр.

Бұл – Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері өткізілген жетінші президенттік сайлау болмақ, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

Дауыс беруге 18 жасқа толған Қазақстанның барлық азаматтары қатыса алады. Сайлаушы жеке дауыс береді. Дауыс беру құқығын басқа адамдарға беруге рұқсат етілмейді.

Дауыс беруге арналған бюллетеньдер сайлаушылар тізімі негізінде беріледі. Ол үшін төлқұжат немесе жеке куәлік көрсету керек. Дауыс беруші бюллетеньді сайлаушылар тізімінен алғанын растап, қол қояды. Бланкілер жасырын дауыс беруге арналған кабинада толтырылады және бұл процесске сайлаушыдан басқа адамның қатысуына тыйым салынады.

Егер сіз сайлау күні денсаулық жағдайы бойынша, отбасының науқас мүшесіне күтім жасау себебінен дауыс беруге келе алмасаңыз, сайлау учаскелері құрылмаған қаланың шалғай аудандарында болсаңыз, онда жергілікті уақыт бойынша 12 сағаттан кешіктірмей  тұратын жеріңіз бойынша дауыс беруді ұйымдастыру туралы учаскелік сайлау комиссиясына жазбаша өтінішпен жүгіне аласыз.

Дауыс беру сағат 20: 00-де аяқталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив