Өскемен
-8°
небольшой снег Штиль
458.69 501.3 6.52

Қарт аналар да қалыс қалмады - Тарбағатай

20.11.2022, 10:15 92 0 Мадина Амангелдіқызы

Тарбағатай ауданы, Қабанбай ауылдық округі Тәуке елді мекенінің ең қарт тұрғындарының бірі Биғайша Әлімбаева таңдаған кандидатына дауыс берді.

92 жастағы қарт әжейдің әлі де қимылы ширақ, Тәукедегі 919-сайлау учаскесіне өз аяғымен келген, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

 Көпті көрген кейуананың ендігі арманы – елдің тыныштығы мен ұрпақтың амандығы.

Биғайша Әлімбаева ұзақ жылдар Тұйық деген жерде балық шаруашылығында еселі еңбек етті. Бүгінде немере-шөберелердің қызығын көріп, ауылдың қазыналы қарттарының қатарын толтырып, бақытты ғұмыр кешуде.

Талай сайлауларға қатыстық қой. Биылғы сайлаудың мәні де, жөні де бөлек. Жаңа Қазақстан құру жолына түстік. Ауданымыз да ширек ғасырдан соң өз тізгінін қайта қолына алды. Тұрғындардың бойынан ерекше қуанышты байқаймын. Ертеңге деген сенім нығайды. Сайлауға қатысу әрбір елдің тұрғыны үшін маңызды. Біз сайлауға қатысып, дауыс беру арқылы болашағымызды таңдаймыз. Бүгін мен өз таңдауымды жасадым. Еліміз шүкір, өсіп-өніп келе жатыр. Заманымыз тыныш болсын. Айналамыздағы қаулаған өрттен елімді аман сақта деп тілеп жүреміз. Талай қилы кезеңді көзіміз көрді, енді ондай ауыртпалықтар болмасын! Ел ертеңі жастар аман болса екен,-деді Биғайша Әлімбаева.



Ерлан БАПАНОВ

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив