KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Ғасырдың құрдасы өз үйінде дауыс берді - Өскемен

20.11.2022, 11:30 395 Мадина Амангелдіқызы

Бүгінгі Президент сайлауында ғасыр жасаған өскемендік әже Анастасия Светочева өз таңдауын жасады.

Ол үшін жылжымалы сайлау жәшігі қарияның үйіне жеткізілді, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

Ұлы Отан соғысының ардагері кезінде қалалық кеңестің депутаты болған. 1922 жылы дүниеге келген қария биылғы 11 қарашада 100 жасқа толды.

- Осы жасыма келгенше сайлауға қатысып, дауыс беру сияқты маңызды саяси шаралардан қалып көрген емеспін. Жастарды да белсенді болуға шақырамын. Еліміздің ары қарай дамуы, тұрақтылығы, әділетті ел болуы дұрыс таңдау жасауымызға байланысты. Елімізде береке-бірлік, ұлтаралық келісім болып, Қазақстанымыз гүлдене берсін, - деді Анастасия Павловна.


Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив