Өскемен
-8°
снег Штиль
458.69 501.3 6.52

Өскеменде әжелер әулеттік дәстүрмен келіп дауыс берді

20.11.2022, 13:43 140 0 Мадина Амангелдіқызы

Өскемен қаласының №112 сайлау учаскесінде тұрғындар өз таңдауын жасады.

Осы ауданның әжелері әулеттік дәстүрге сай бала-шағасын, немересін ерте келіп дауыс беріп, береке мен бірліктің үлгісін көрсетті, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Бұл сайлау учаскесіне ағылған жұрттың қарасы көп. Солардың арасында қолдарына жалауша алып, бала-шаға, немересін ерте келген әжелер тобы саяси науқанды мерекеге айналдырды. Әні мен сәні жарасқан әжелер әлеуметтің көңілін көтерді. Жастарға ақыл айтып, жол көрсетер әжелер инситутының әлі де бар екенін паш етті.

Жалпы №112 сайлау учаскесінде 2236 адам дауыс беруге тиіс болса, таңғы 7.00-ден бастап бір сағатта 200-ден астам сайлаушы өз таңдауын жасап үлгерген.

– Осы елдің азаматшасы болғандықтан өз таңдауымызды жасап, дауыс беру міндетіміз деп ойлаймын. Бір адамның дауысы бәрін өзгерте алмас, ал бәріміздің дауысымыз біріксе қоғамды өзгерте алатынына мен сенемін. Сондықтан да әркім келіп өз таңдауын жасағаны дұрыс. Осы сайлаудан кейін көптеген өзгеріс болар деп үміттенемін және болғанын қалаймын. Елдің әлеуметтік жағдайы жақсарса екен деп тілеймін,– дейді қала тұрғыны Ғалия Асылбекқызы.


Қапалақтап жауған қарға қарамастан сайлау учаскесіне келіп жатқан жұрттың қарасы көп. Белсенділігі жоғары.

Қызырбек ДҮРГІНБАЙҰЛЫ

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив