KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Жастар азаматтық ұстанымын көрсетті - Өскемен

20.11.2022, 14:00 391 Мадина Амангелдіқызы

Жас өскемендіктер азаматтық ұстанымын көрсетіп, жарқын болашақ үшін өз таңдауын жасады.

Таңертеңнен бастап Амурская көшесі, 1 мекенжайында орналасқан №79 сайлау учаскесіне жүздеген қала тұрғындары келді. Ересектермен бірге сайлауға алғаш рет қатысып отырған жас өскемендіктер де өз дауыстарын беруге асығуда, деп хабарлайды Altaynews.kz.

№ 79 сайлау учаскесінде барлығы 2 585 адам тіркелген, оның 3-і бақылаушылардың қатысуымен үйде дауыс беретін болады. Олардың ішінде соғыс, еңбек ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар және денсаулығына байланысты cайлауға жеке келіп, өз дауыстарын бере алмағандар бар.

Бүгін жас өскемендіктер де азаматтық ұстанымын көрсетіп, жарқын болашақ үшін өз таңдауын жасауға келді.

Дауыс беру рәсімінен өткеннен кейін оларға алғашқы азаматтық ерік-жігерінің құрметіне естелік кәдесыйлар табысталды.

Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенті Мәди Құдайбергенов ел тарихындағы маңызды күнде 20 жасқа толып отыр екен.

- Иә, бүгін менің туған күнім, мен сайлауға бірінші рет келдім, бүгін өз дауысымды беремін. Әркім өз елінің болашағы үшін дауыс беруі керек, - деді сайлаушы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив