KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 10 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Өскеменде бір көшенің тұрғындары сайлауға бірге келді

20.11.2022, 14:42 606 Мадина Амангелдіқызы

Өскемендегі Деповская көшесінің тұрғындары бірлік пен татулықтың тамаша үлгісін көрсетті. Олар мерекелік көңіл-күймен сайлау учаскесіне бірге келген.

Аталған көшенің тұрғындары сайлауға алдын-ала дайындалыпты. Мұнда тұратын 15 отбасының мүшелері сайлау учаскесіне бірігіп баруға келіскен, деп хабарлайды Altaynews сайты.

 Өз көлігі жоқ адамдар үшін автобусқа алдын ала тапсырыс беріпті.

- Бұл бастаманы көше тұрғындары бірауыздан қолдады. Көшедегі көрші-қолаңдардың барлығы бұрыннан тату. Сайлау – еліміздегі маңызды оқиғалардың бірі. Өйткені біз жарқын болашағымыз үшін дауыс береміз. Сондықтан Президентімізді сайлауға әділетті қоғам құруға деген зор сеніммен, жақсы көңіл-күймен келдік, - дейді көше комитетінің мүшесі Евгения Загорулько.


Осылайша, бірлігі жарасқан тұрғындар түрлі-түсті шарларын ұстап, еліміздің көк жалаушасын желбіретіп, сайлау учаскесіне бет алды. Өздерімен бірге балаларын да ертіп алған.

 

Айта кетсек, бұл көшеде де зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін үйде көшпелі дауыс беру қызметі ұйымдастырылды.

 

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив