KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Республика азаматтарының 51,16 % дауыс беріп үлгерді

20.11.2022, 14:30 457 Мадина Амангелдіқызы

Түске дейінгі уақытта қазақстандықтардың 51 пайызынан астамы дауыс берді.  Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясы мәлім етті.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 14.05-тегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 51,16 % бюллетень алды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Оның ішінде:

  1. Абай облысы бойынша – 69,32 %
  2. Ақмола облысы бойынша – 51,04 %
  3. Ақтөбе облысы бойынша – 53,21 %
  4. Алматы облысы бойынша – 40,85 %
  5. Атырау облысы бойынша – 52,56 %
  6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 43,85 %
  7. Жамбыл облысы бойынша – 52,74%
  8. Жетісу облысы бойынша – 52,17 %
  9. Қарағанды облысы бойынша – 53,75 %
  10. Қостанай облысы бойынша – 53,15 %
  11. Қызылорда облысы бойынша – 59,18 %
  12. Маңғыстау облысы бойынша – 53,40 %
  13. Павлодар облысы бойынша – 52,55 %
  14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 53,10 %
  15. Түркістан облысы бойынша – 76,61 %
  16. Ұлытау облысы бойынша 68,32 %
  17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 52,99 %
  18. Астана қаласы бойынша – 39,79 %
  19. Алматы қаласы бойынша – 24,17 %
  20. Шымкент қаласы бойынша – 51,69 %

Келесі жедел ақпарат сағат 16.05-те берілетін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив