KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 5 м/с, З
448.15 483.46 4.86

Баламның болашағы үшін дауыс бердім – Мақсат Болатбекұлы

20.11.2022, 15:14 567 Мадина Амангелдіқызы

Бүгін таңертеңнен Өскемендегі №27 орта мектебіне қарай ағылған жұрттың легі көп. Өйткені мұнда үш бірдей сайлау учаскесі орналасқан. Бұл таңдау бүгінім үшін емес, ертеңім үшін дегендер балаларын да ерте келіп дауыс беруде.

Самал ықшам ауданында орналасқан №27 мектепте тұрғындар үш сайлау учаскесі бойынша өз таңдауларын жасап жатыр, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Мұндағы №118 сайлау учаскесінде – 1939, №117 учаске бойынша – 1924, ал №116 сайлау учаскесінде 2107 адам өз таңдауын жасайды. Сайлау науқынының алғашқы сағатының өзінде 500-ден астам адам қалаған кандидатына дауыс беріп үлгерген.

– Мен өз басым еліміздің ертеңіне үлкен үмітпен қараймын. Сондықтан да бүгінгі күні өз таңдауымды жасап, дауыс беруді міндет деп санадым. Бұл елдің бүгіні бізбен байланысты болғанымен, ертеңі біздің ұрпағымыздың еншісінде. Сол себепті де бүгінгі сайлауға кішкентай баламды ала келдім. Осы балаларымыздың ертеңі алаңсыз, еліміздің іргесі тыныш болса екен деп тілеймін. Осындай мақсатта баламның болшағы үшін дауыс бердім, –  дейді қала тұрғыны Мақсат Болатбекұлы.


Бұл күні аталған сайлау учаскелерінде тұрғындарды әуезді әнмен қарсы алып, оларға қазақы дәстүрге сай ыстық шәй мен бауырсақ ұсынылды. Ал мектептің шыға берісіне арнайы Инстаграм экраны үлгісінде селфи жасау орны жасалған. Дауыс берген жұрт суретке түсіп, ыстық шәйін ішіп қайтып жатыр.

 

Алтай Ғали-Асқар

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив